Жаңа жүйе іске қосылды
Жаңа жылдан бастап төтенше жағдайды хабарлайтын ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі іске қосылды. Бұл туралы 24.kz арнасының ресми сайты хабарлады.
Елімізде алдағы жылдың алғашқы күнінен бастап жол апаты, төтенше оқиғалар кезінде шұғыл көмекке шақыру жүйесі іске қосылды. Ғарыш техникасы мен технологиялары институтының мамандары осындай құрылғы ойлап тапты. Бұл құрылғы зауыттан енді шығатын жаңа көліктер мен қауіпті жүк тиейтін машиналарға орнатылады. Ал өзге көлік жүргізушілеріне қатысы жоқ. Бірақ орнатамын десе, өз еркі. Айта кетейік, оқыс оқиға бола қалған жағдайда құрылғы 112 қызметіне автоматты түрде хабар береді.
«Біз мәселенің уақытша шешімі ретінде қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ресейлік «ЭРА-ГЛОНАСС» жүйесін пайдалануды ұсынамыз. Бұл автомобильдің шұғыл шақыру құрылғысынан жол апаты туралы ақпаратты ұлттық жедел қызметтерге алу тапсырмасын 100 пайыз шешеді. Осылайша, қысқа мерзімде әрі аз шығындармен апат кезінде не болмаса басқа да тосын жайттарда шұғыл көмек қамтамасыз етіледі», – деді «ЭРА-ГЛОНАСС» президенті Александр Гурко.