Қызметтік ит есірткіні анықтады
Қостанай шекара отрядының «Қайрақ авто» шекаралық-көліктік бақылау бөлімшесінде жаңа жылдың алдында, яғни 31 желтоқсан күні сағат 16.10-да «Рудный – Челябинск» бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын тексеру барысында, шекарашылар Александр есімді 22 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
Арнайы үйретілген «Кан» атты қызметтік ит бұл азаматты «есірткі тасымалдаушы» ретінде көрсетті. Шындығында да ұсталған азаматты жеке тексеру нәтижесінде оның күртешесінің оң жақ ішкі қалтасынан салмағы 8-10 грамм болатын «марихуана» есірткісі табылды. Айғақтық заттар иесімен бірге Қарабалық аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.