Былтыр жиі қойылған есімдер

2020 жылы туған сәбилерге қандай есімдер көбірек қойылғаны белгілі болды. Олардың арасында халыққа бұрыннан белгілі аттар да бар болып шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.d968ef0f4ab2872b5cef2b188d95dd6d_resize_w_742_h_365
Қазақстан Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2020 жылы туған ер балаларға Әлихан есімі жиі қойылған. Мұндай атқа 4577 нәресте ие болған.
Айта кету керек, Әлихан есімі 2014 жылы да қазақстандықтардың ең сүйікті есімдерінің көшінде тұрған.
Жиі қойылған есімдердің екіншісі – Айсұлтан. 3320 ата-ана ұлына осы ныспыны қойған.
Ал Нұрислам аты үшінші орында тұр. Былтыр туған 2904 балаға осы есім берілген.
Одан кейінгі тізімде: Әмір – 2314 адам, Алдияр – 2308, Әлинұр – 2216, Әли – 2001, Рамазан – 1948, Арсен -1830, Санжар – 1815 бала бар. 
Ал қыздар арасында ең танымал есім Медина болып шықты. 5403 қызға осы ат берілген. 4855 балаға Айлин, 4588 қызға Раяна деген ныспы қойылған.
Сондай-ақ былтыр Айша  (4500), Асылым (4366), Айзере (4293), Аяла (4247), Айым (3673), Томирис (3293) және Айару деген (3252) қыз бала есімдері көбірек таңдалған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓