Жарқыра, жайна, жаңа жыл
Жаңа жыл әр баланың асыға күтетін ең сүйікті әрі таңғажайып мерекесі. Ал Президенттің шыршатойына қатысуды армандамайтын балғын жоқ шығар. Өйткені бұл мерекеде өнер-білімдерімен өрге жүзген үздік оқушыларға Президент атынан бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Бұл жолы да осы дәстүр өз жалғасын тауып, еліміздің әр жерінде «Жарқыра, жайна жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде» атты Президенттік шыршасы өтті.
Бұл күні қаланың спорт, ғылым және шығармашылық саласында ерекшеленген 116 ең талантты балалсы жаңа жылдық құттықтауларға ие болады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан шыршаға қатысушы 16 бала, оларға бүгін құттықтау ашықхаты, планшет, тәтті сыйлық әрі "Самұрық құсының Сиқырлы қауырсыны" атты кітабы кіретін сыйлық жиынтықтары табыс етілді.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл жаңа жылдық шыршалар ерекше форматта өтті. Қалалық әкімдіктің қасына жиналған 35 Аяз Ата мен 35 Ақшақар қаламыздың әр жерінде тұратын балғындарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға тосын сый жасап, қуанту үшін үшін атқа қонды. Олар балаларға барып, ақ тілектерін жаудырып, сыйлықтарын табыс етуде.
Президенттен сыйлық алып, қуанышқа кенелген оқушының бірі қаламыздағы №1мектеп-лицейінің оқушысы Тимур Баймбетов. Ол 5 сынып оқушысы. Сабақта алғыр, барлық қоғамдық жұмыстардан тысқары қалмайтын пысық жігіт. Осы еңбегі бағаланып, Аяз атадан, Президенттен сый-сияпат көріп жатқанына өте қуанышты.
Суретті түсірген Б.Ахметбеков.