Қар жауып, жел күшейеді

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, елдің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
 
Бүгін түнде Қостанай облысының кей өңірлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп күтілуде. Еске салайық, кеше Әулиекөл-Жолдама, Торғай-Арқалық арасындағы облыстық маңызы бар жолдар жабылған-тын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓