Жарамдылық мерзімі ұзартылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңінің 2017 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады. мын
"Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады", – делінген хабарламада.
Ал одан кейін 12 ай ішінде – 2017 жылғы 1 наурыз бен 2018 жылғы 28 ақпан аралығын қоса алғанда, көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталатыны айтылады.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданатыны, филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайтыны, бұл ретте Ұлттық банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓