Атқарылар жұмыс көп

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін  қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді. Кеңесте облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарындағы құрылыс-монтаж жұмыстары қаралды. IMG-20200601-WA0049Биыл облыстың автожолдарында жалпы 44,9 млрд. теңгеге 281 жобаны іске асыру жоспарланған. «Нұрлы Жол»  бағдарламасы аясында 37 жоба, «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  шеңберінде 146 жоба, «Ауыл-Ел бесігі»  аясында 98 жоба жүзеге асырылды. Қазір  іске асырылатын барлық жобалар бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды және құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
ЖҚЖК бағдарламасы аясында осы салада 4982 адам жұмысқа орналасты, оның 2491 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы екі қолға бір күрек тапты.IMG-20200601-WA0046Бұдан әрі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
2019 жылы облыстың цифрландыру Жол картасына қаржыландыру сомасы 2 млрд.теңгеден асатын 88 жоба енгізілді. 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы «Ақылды қалалар»  негізгі бастамаларын ескере отырып өзектендірілді және 91 іс-шарадан тұрады. Ағымдағы жылы жобаларды іске асыру үшін 9,3 млрд. теңге қарастырылған. Бағдарлама аясында 13 бағыт бойынша цифрландырудың жол картасы әзірленіп, бекітілді, олар: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, құрылыс, ТКШ, көлік, экология, қалалық басқару, ШОБ, туризм және қауіпсіздік. Өңір басшысы  қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің басшыларына облыс автожолдарындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓