Мереке қарсаңында..

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рудный қаласындағы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы №1 мектеп-интернатында болып, тәрбиеленушілерді  көптен күткен ертегілер, ғажайыптар мерекесі Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, игі тілегін айтты.IMG_2944 Аймақ басшысы өз сөзінде бүгінгі таңда еліміздің келешек ұрпағы балалар үшін  мемлекетімізде барлық жағдайдың жасалынып отырғанын жеткізді.

-Құрметті балалар! Сіздерді  Жаңа жыл мерекесімен арнайы құттықтауға келдім. Бүгінде сендердің жақсы білім, тәрбие алуларыңызға барлық жағдай жасалынып отырғанын білемін. Мектеп-интернаттарыңыздан бүгінде республикамызға өздерінің өнегелі тәрбиесімен, білімімен, біліктілігімен танылған мысалы, ректор Б.Шаяхметовты, ұшқыш А. Өтегеновті басқа да  ғалым, дәрігер, мұғалім, заңгер атанып отыр тәрбиеленушілерді айтуға болады. Ең бастысы жақсы білім алып, өнегелі болуларыңыз керек керек. Қоғам өміріне белсене араласыңыздар. Сондықтан барлықтарыңызды келе жатқан, 2017 жылмен құттықтаймын, сіздерге қуаныш, денсаулық, жақсылық тілеймін,-деді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов.IMG_2964Өңір басшысы да  балаларға құрқол келмей, Жаңа жылға деп-сый ретінде көлік, компьютер техникасын сыйлады. Содан кейін балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық шырша қасында балалар естелікке облыс әкімімен суретке түсті.IMG_2980

IMG_2995

Гүлназым САҒИТОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓