Депутат тобылдықтармен кездесті

Қостанай облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жарлығымен тағы бір қала пайда болып, Қостанай ауданының Затобол кенті қала мәртебесіне ие болды. Қостанайға іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Тобыл қаласының тұрғындарын жаңа мәртебемен құттықтап, келелі кездесу өткізді. Парламенттегі депутаттық фракцияның жұмысы, Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауын іске асыру туралы айтып, халықтың сұрақтарына жауап берді.ABT_7179
"Еліміз үшін 2020 жыл қуанышты жаңалықпен басталды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен Затобол кентіне қала статусы беріліп, "Тобыл" деп аталды. «Ақ жол» партиясының атынан осы оқиғамен баршаңызды құттықтаймын", – деді Азат Тұрлыбекұлы.ABT_7143
Сондай-ақ, ол 2013 жылы партия дайындаған  "Парламенттік оппозиция туралы" жаңа заң жобасы туралы айтып берді. Бірақ дәл қазір Мемлекет басшысы  парламенттік оппозиция мәртебесін институционалды бекіту туралы тапсырма берді. Сондықтан, "Ақ жол" демократиялық партиясы алдағы аптада заң жобасын әзірлеп, мәжіліске енгізетінін жеткізді.ABT_7168
"Бұл заң қабылданған жағдайда "Ақ жол" демократиялық партиясы республиканың одан әрі демократиялануына және биліктің қоғам алдында есеп беруіне ықпал етеді деп есептеймін. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында көзделген", – деп атап өтті депутат.ABT_7166
Депутаттың өзі айтқандай, өңірге сапар барысында халықтың өзекті мәселелерін тыңдау өте маңызды. Кездесу барысында көптеген тұрғын көкейленіде жүрген мәселелерін  айтып, кеңес, көмек сұрай келді. Азат Перуашев әрбір мәселені егжей-тегжейлі қарастыратыратынына уәде берді.
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

2 Responses

  1. Нурсейтова Маржан Жумагазовна айтты:

    Тамаша! Құтты болсын, жаңа қала! Шежіресі мол, дархан қала! Шаттығы мол жастық шақ өткен қала!

  2. Нурсейтова Маржан Жумагазовна айтты:

     

    Қостанайды шырайлы Тобыл мекен,

    Мөлдір сулы өзеніне шомыл деген!

    Нұр шашқаны өлкеге өркендеген,

    Жылдан жылға көркемделген. 

    Құтты болсын, жаңа атау-Тобыл деген!

     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓