Балалар қуанышы

Әркім Жаңа жылда бір жақсылықтың боларына үміттенеді. Бұл мерекені әсіресе, балалар асыға күтеді. Осынау мереке қарсаңында облыс әкімі Н.Са-дуақасов "Жанұя" отбасылық типтегі балалар үйі мен облыстық жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сый-сияпат жасады. Өңір басшысы театрландырылған қойылымды балақайлармен бірге тапжылмай отырып тамашалады. Бір жарым сағатқа созылған қойылымның соңында кішкентай көрермендерге жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ атал-ған балалар үйіне теннис столын, ұл мен қыздардың әрқайсысына ойыншықтар сыйлады. Жаңа жылдық қойылымды І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының артистері қойды.
– Армандарыңыз орындалып, үміттеріңіз үзілмесін. Балалық шақтарыңыз уайым-қайғысыз өтсін. Бұл мерекелік іс-шара сіздер үшін жасалды. Қойылымды баршаңызбен бірге отырып тамашаладым. Шынымды айтсам, мұндай театрландырылған көріністі көріп, театр артистерінің шеберлігіне тәнті болып отырмын. Сіздерге бақытты балалық тілеймін. Ең негізгі міндеттеріңіз – оқу. Ал бас-қа мәселелерді шешу ересектердің еншісінде, – деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.
Қарлығаш Оспанова
Суретте: іс-шарадан көрініс.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.
билік және халық