Жаңа жыл тартуы
Қай бала болмасын соның ішінде әсіресе Жаңа жыл мерекесін асыға күтеді. Олардың барлығы да армандаған арманымыз, тілеген тілегіміз орындалады деп Жаңа жыл ертегісіне, жылтырауыққа оранған ғажайып шыршаға, Аяз Ата мен Ақшақар қызға сенеді. Міне, осындай Жаңа жылға арналған ертеңгілік Рудный қаласындағы балалар үйінде болып өтті. Жаңа жылдық ертеңгілікке облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.-Құрметті жас достар! Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Сіздердің жақсы білім алуларыңызға өнер мен шығармашылықтарыңызды әрі қарай дамытуға барлық жағдай жасалынып отырғанын көріп отырмын. Оқыңдар, білім алыңдар, тәрбиелі болыңдар. Сондықтан балалар сіздерге тек жақсылық, қуаныш тілеймін,-деді аймақ басшысы.Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов балалар үйінің тәрбиеленушілеріне құрқол келмей, Жаңа жылдық сыйлығын ала келіпті. Сый-сыйяпат ретінде автобус сатып алуға арналған сертификат ұсынды Сол секілді әдеби кітаптар мен спорттық құралдарды да сыйлады. Балалармен естелікке суретке түсті. Аймақ басшысы балалар үйін аралап көрді. Табиғат мүйісін, «Бүркіт» әскери-патриоттық клубында болды.
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ