Жаңа жылдық бағдарлама

Қостанай қаласының баспасөз қызметі жаңа жылда орталық алаңда өтетін мерекелік шаралардың жоспарын жариялады.min
"Жаңа жыл думаны" ойын-сауық бағдарламасы облыстық әкімдік алдындағы алаңда 31 желтоқсанда сағат 19.00-02.00 аралығында өтеді.
19.00 — 21.00 — «Карнавал» ансамблінің концерттік-ойын-сауық бағдарламасы.
21.00 — 23.00 —  "Жаңа жылдық әбігер" мерекелік бағдарламасы (байқаулар, викториналар, ұтыс ойындары, музыкалық нөмірлер).                 
23.00 — 01.00 — Мерекелік, жаңажылдық әндер шырқалады.
01.00 — От шашу.
01.05 — 02.00 — «Қостанай жаңа жылды қарсы алады" бағдарламасы:
  • Аяз ата, Қарша қыз және жыл символдары, қуыршақ театры әртістері қатысады;
  • Н.Пикулева, А.Оспанов, Н.Жаксан, Д.Намиялы, С.Клейменов, Рысмағамбетовтер дуетінің қатысуымен концерттік нөмірлер;
  • Мерекелік би.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓