Қостанайлықтарға жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алды?
2022 жылы Қостанай облысында жемқорлық деректері туралы хабар бергендері үшін төрт азаматқа қаржылай сыйақы берілген, деп хабарлайды облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мамандары.
Оларға жалпы сомасы 1 498 735 теңге төленген. Азаматтардың белсенділігі арқасында пара алу, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану, бюджет қаржысын жұмсау секілді қылмыстық істер тіркеуге алынды. Осы төрт қылмыстың мемлекетке тигізген шығыны 10 млн теңгеден асты. Мұның 85%-ы мемлекетке қайтарылған.
Айта кету керек, сыйақы ынталы адам ұсынып отырған ақпарат сенімді болған жағдайда, заңды күшіне енген сот үкімі, әкімшілік тәркілеу туралы қаулы, қылмыстық тергеу органының қылмыстық істі тоқтату туралы прокурор бекіткен қаулы бар болса, не болмаса ҚР ҚПК негізінде қалыпқа келтірілмейтін қылмыстық істі тоқтату туралы сот үкімі қолма-қол болған кезде ғана беріледі.
Мәселен, сот үкімімен жоғарыда аталған қылмыстық іс фигуранттары ҚР ҚК 361-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағандары үшін айыпты деп танылды. Олар 4 пен 7 жыл аралығында бас бостандықтарынан айырылды. Өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан қағылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кез келген азамат мемлекеттік орган мен квазисектор тарапынан жасалған жемқорлық деректеріне тап болса, облыстық Антикор қызметіне 914-222 немесе Агенттіктің 1424 сall-орталығына хабарласуларына болады.
Сондай-ақ, заңдағы жаңа түзетулерге сәйкес, жемқорлық дерегін хабарлаған тұлғалар туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау шаралары күшейе түседі.
Сондай-ақ, заңдағы жаңа түзетулерге сәйкес, жемқорлық дерегін хабарлаған тұлғалар туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау шаралары күшейе түседі.