Жеңілдетілген лизингпен техника беріле бастайды

Жеңілдетілген лизинг бойынша алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы қашан берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Экспресс К.Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі ауылшаруашылық техникасының жеңілдетілген лизингі бойынша 9,3 миллиард теңгеге 113 өтінім түскен деп отыр.
Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 40 миллиард теңге, оған мыңға жуық қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр,

— делінген хабарламада.

Жеңілдікті бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған. Сондықтан бағдарлама бойынша бір лизинг алушыға — 205 миллион теңгеден артық берілмейді және техника үш бірліктен аспауы үшін лимит белгіленген. Лизинг алушыны қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді.
2022 жылғы 17 тамызда жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша алғашқы ауыл шаруашылығы техникасын Қостанай облысында беру жоспарланып отыр,

— делінген хабарламада.

Бағдарлама шарттары:
  • Лизинг мерзімі — 10 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 6%;
  • Лизинг бойынша бастапқы жарна — 0%;
  • Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең — 1 жыл.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓