Жүкті әйел қаза тапты
Рудный қаласындағы перинаталды орталықта әйел босану үстінде бақилық болды. Онымен бірге жаңа туған сәбиі де шетінеген. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлады.Рудный перинаталды орталығында жас босанған әйел мен оның баласының өлімі фактісі бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Іс прокурорлық бақылауға алынған. Қайғылы оқиға 24 желтоқсан күні түнде болды. Ажал кенеттен болған, жан сақтау шаралары еш нәтиже бермеген. Оқиғаға қатысты перинаталды орталық еш пікір білдірген жоқ. Оның үстіне, Қостанай облысының бас акушер-гинекологы Иван Янцен оқиғаның дәрігерлерлер әрекетімен еш байланысы жоқ екенін айтуда. «Біз жүктіліктің ең сирек кездесетін түріне тап болдық, бала жатқан қағанақ сұйықтығы анасының қан ағысына тап болған, – деді Янцен. – Бұл қағанақ сұйықтығының эмболиясы деп аталады, оған дәрігерлер еш көмек бере алмайды».