Текті өнердің төресі – терме

        Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше.Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтіп жатыр. Біздің Меңдіқара ауданы да қарап отырған жоқ. Нақтырақ айтсақ, жақында  аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен және мәдениет бөлімінің қолауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Бабалар сазы» атты термешілер мен орындаушылардың байқауы өткізілді.         ТЕРМЕ    Дәл осы «Бабалар сазы» былтырғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып, фестиваль ретінде өткізілген болатын. Ал, биылғы жыл Тәуелсіздік тойы қарсаңында ауылдар мен аудан таланттарының басын қосып байқау ретінде ұйымдастырылды.       Терме 2                                                                                                          
           Өмір өзі бір әлем болса, өнер өз алдына бір әлем деген емес пе, осы өнер әлемінде орны ерекше жақын қазақтың текті сөздің төресі терме. Кейінгі уақытта қалыс қалып бара жатқан термені дамытып және сахна төрінде термешілерді жиі  – жиі көрсек дейміз.  Ел іші өнер кеніші деген. Біздің де ауданымызда да өнерпаздар аз емес. «Бабалар сазы» байқауына тоғыз термеші қатысып өнер көрсетті. Арнайы тағайындалған әділқазылар аудандық Мәдениет үйінің әдіскері Қ.Б. Құсайынова,   Ғ. Жұмабаев атындағы қазақ орта мектебінің тіл-әдебиет маманы А.Қ. Ражанова және қазылар қатарында өнер жанашыры, Қарақоға ауылынан арнайы шақыртылған М.С. Абдрахманов болды. Аудандық мәдениет үйінің атынан қатысқан Ғ. Маутанов, Қаражар ауылынан келген А.Сералин,  Қаратал ауылынан келіп өнер көрсеткен Е. Төлепов, Михайловка ауылынан келген М. Трекесов,  Жанкелдин ауылынан Ж.Қалиева  қатысып, өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сосна ауылының атынан келген А. Бекмурзина арнайы сыйлық иеленді. Үшінші орынды Көктерек ауылынан келген Т. Үмбетов алды. Ал екінші орынға Михайлов ауылының өнерпазы Т. Болатов шықты. Боровской ауылының атынан қатысып өнер көрсеткен  Р.  Аққоянова бірінші орынды иеленді.             Әділқазылар алқасы өнерпаздардың кемшіліктері мен жетістіктерінде ескеріп айта отырып өз сөздерін қорытындылады. 
Басымызға бақ болып қонған Тәуелсіздігімізді бағалайық, қасиетті өнерді құрметтеп, өнерпаздарымыздың барына қуанайық ағайын. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!
                                                                     
                                               Мұрат Нағашыбай.
                                               Аудандық мәдениет үйінің қызметкері, өнер жанашыры 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓