Муай Тай шеберлері
Желтоқсанның 21-25-і аралығында Астана қаласында ерлер және әйелдер арасындағы Муай Тайдан ҚР Кубогы үшін жарыс өтті. Бұған елдің барлық қалалары қатысты. Ұзын саны 70 шақты спортшы күш сынасты.
Қостанай облысының намысын 9 талантты жас қорғауға барған еді. Оның жетеуі – облыс орталығынан, ал қалған екеуі – рудныйлық. Шаршы алаңда алты спортшы жеңіс тұғырынан көрінді. 54 келі салмақта Бақтияр Серіков, 71 келіліктер ішінде Станислав Козловский, 75 келіден жұдырықтасқандар арасында Олжас Бәкіров және қыздар арасында 57 келі салмақ дәрежесінде Аида Жалмағамбетова қоладан медаль тақты. Ал Бөлтірік Нұртай мен Талғат Латыпхан күміс жүлдегер атанды. Жеңімпаздардың барлығы да Қостанай қаласындағы "Жұдырықтасу" клубында жаттығады.