Дәнді өлкем – әнді өлкем

Қазіргі таңда өңірімізде 343 кітапхана, 247 клуб, 9 музей, 20 тілдерді оқыту орталығы, 4 театр, 5 кинотеатр, 2 демалыс саябағы және филармония мен тарихи-мәдени мұраны қорғау, зерттеу орталығы жұмыс істеп тұр. Дегенмен мәдениет саласында айтарлықтай жетістіктермен қоса, кезек күттірген мәселелер де жоқ емес. Алтынсарин, Әулиекөл, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының халық саны мыңнан асатын 13 елді мекеніне мәдени-демалыс орындарын ашу қажеттігі бар. Бұған қоса, өткен жылы үш ауданның мәдени ошақтарына күрделі жөндеу жүргізілген. Биыл Қарабалық ауданының Тоғызақ, Амангелді ауданының Қарасу, Меңдіқара ауданының Михайлов мәдениет үйлерін күрделі жөндеу мен 75 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары тұр.
Биыл Ұзынкөл ауданының Ершов мәдениет үйінің құрылысы, Сарыкөл аудандық мәдениет үйі ғимаратының шатыры мен Науырзым ауданы «Арман» мәдени-демалыс орталығының ғимаратын қайта жаңарту, Денисов ауылындағы орталық кітапхананы күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған. Биыл сондай-ақ, ұлт ұстазы Ахаңның мерейтойы қарсаңында Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайы жөнделеді.
2020-2021 жылдары аймағымызға өнер-мәдениет саласының 77 қызметкері келген болса, олардың 54-і «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен келген мамандар. Рас, кейінгі жылдары руханият қызметкерлерінің жалақысы там-тұмдап өсіп жатқанымен, олардың алатын айлығы көп саламен салыстырғанда анағұрлым төмен. Бірақ соған қарамастан, өңіріміздің намысын республикалық, халықаралық байқауларда қорғап жүр.
Қостанайдың Жастар сарайында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын қорытындылаған ХХХIV «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова арнайы қатысты.  
ІІІ орынға Қостанай ауданы ие болып, 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Амангелді және Әулиекөл аудандары ІІ орыннан көрініп, әрқайсысы 1,5 миллион теңгенің сертификатына ие болды.
І орынның 2 миллион жүлдесіне Арқалық қаласы ие болды.
Федоров ауданы биылғы облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқау-фестивалінің бас жүлдегері. Жаркөл елінің өнерпаздары 3 миллион теңгені жеңіп алды.
Ал қалған аудан-қалалардың мәдени ордалары мен жекелеген өнерпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Суреттерді түсірген Есбол Жатқанов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓