Жиырма жылдың белесі

Біле білген адамға қазақ театр және кино өнерінің бастауы Қостанай топырағымен тікелей байланысты. Тұңғыш «Амангелді» көркем дыбысты фильмінің сценарийін жазған авторлардың бірі ХХ ғасырдың әдебиет майталманы, жазушы-драматург Бейімбет Майлин болса, оның басты рөлінде Тобыл жерінен шыққан даңқты актер, Қазақстанның халық әртісі Елубай Өмірзақов, рөлдерді белгілі өнер майталмандары, Қазақстанның халық әртістері, жерлестеріміз – Қапан Бадыров пен Серке Қожамқұловтардың сомдағаны біз үшін зор мақтаныш. Бұл тұлғалар – қазақ кино және театр өнері мен тұтас мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан өнеріміздің алтын діңгегіне айналған қайраткерлер. Торғайдың Батпаққара жерінен шыққан дарын иесі Әнуар Боранбаевтың есімі де еліміздің кино-театр саласында алтын әріппен жазылып қалды. Ал қазақ өнері мен мәдениетінің тарихы Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-публицист Ілияс Омаровтың есімімен етене аралас десек, артық айтқандық емес.
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Міне, осындай хас таланттар шоғыры шыққан өңірде өнер ошағының болуы заңдылық та. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялаған 2000 жыл Қостанайдың ұлттық өнері үшін зор қуанышпен есте қалады. Өнер ордасының негізін қалау науқаны басталып та кетті. Айтуға оңай-ақ, бірақ жаңадан тұтас бір ұжым құру деген – қиыннан қиыстыра жол табумен бірдей шаруа. Театрға сай ғимарат керек, кәсіби мамандар шақыру, оларды баспанамен қамту секілді толып жатқан жұмыс шаш-етектен. Сол жолы «Юность» мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, құрылыс жұмыстарымен қоса, әртістердің баспанасына деп қаражат бөлінді.IMG_5534
Аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Римма Ғайсенова, театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Жамбылбек Есенбековтің зор жемісі әрі жеңісі – Батыс Қазақстан, Арқалық, Жезқазған театрларынан сақа әртістер мен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 22 студентін шақыртқаны болды.IMG_5544
IMG_55392000 жылдың 14 қыркүйегі күні облысымызға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сапарлап келгенде, «Абылай хан» тарихи драмасы сахналанды. Дәл осы күн театр іргетасының қаланған күні болып тарихта қалды. Ал Тұңғыш Президенттің ұсынысымен 2000 жылғы 20 қазанда өнер қарашаңырағына белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Ілияс Омаровтың есімі берілді. Содан бергі жеткен жетістігі толайым, бүгінде репертураға бай, талай белестерді бағындырған іргелі өнер ұжымына айналды. 2012 жылы Ілекең қарашаңырағы Қостанайдың орталығындағы жаңадан салынған ғимаратқа қоныстанды.IMG_5547
Биыл пандемияға байланысты мәдениет ордасының қаншама жоспары іске аспай жатыр. Бірақ соған қарамастан, әртістер жазғы уақытта табиғат аясына шығып, онлайн форматта Абай өлеңдерін, қара сөздерін, спектакльдердің үзінділерін сахналады.IMG_5548
            Енді, міне, жиырма жылдық мерейтой күні театр өз мұражайын, шайхана залын ашып отыр. Бұл – Әлімхан Мырзахан басқаратын тұтас ұжымның өткен тарихы ғана емес, көрерменнің жүрегінде қалған талай құнды мұра екені анық. Мұражай төрінде Ілияс Омаровтың  портреті, қайраткердің жұмыс орнынан бастап, өнер ұжымында іргесі қаланғаннан бергі еңбек еткен азаматтардың жеке заттары, суреттер, белгілі тұлғалар сыйға тартқан дүниелер, этнографиялық заттар және басқа да көз тартар дүниелер қойылған. Бұл музей қарашаңырақтың шежіресінен сыр шертіп тұратын тарихи мүйіске айналмақ.IMG_5569IMG_5580IMG_5484IMG_5482IMG_5590IMG_5607IMG_5618IMG_5653IMG_5677IMG_5667IMG_5693IMG_5738Бұдан соң театр ұжымы жиылған қауымға өнер көрсетіп, түрлі қойылымдардан үзінді отырдап, ән мен жырдан шашу шашты.IMG_5755IMG_5759IMG_5778IMG_5544IMG_5822IMG_5834IMG_5796Мерекелік шараның шарықтау шегінде облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов саланың ерек еңбегімен еленген бірқатар маманын марапаттады.IMG_5934IMG_5941IMG_5951IMG_5964IMG_5992
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ,
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓