Әлеуметтік нысандар жылусыз қалды
Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жылу құбыры күні кеше істен шыққан. Әйткенмен, әлеуметтік нысандарға жылудың ағытылатыны туралы алдын ала хабарланыпты.
Бүгін, апатты желіні жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты, 44 көпқабатты тұрғын үй, №33 балабақша және №155 орта мектеп жылудан оқшауланды. Жөндеу жұмыстарының жорамалды аяқталу уақыты – сағат 13:00.