Бас жүлде – Умра қажылығы

Қостанай қалалық мешітінде қазақ күресінен жамағат арасында ашық біріншілік өтті. Спорттық сайысқа облыстың аудан, қалаларындағы дін жолында жүрген 40-қа жуық жас келді. Бас жүлде – Умра, кіші қажылық сапарына сертификат. DSCN9755
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған сайыстың мақсаты – өңірдегі дін жолында жүрген жастардың басын қосып, татулыққа, жақсылыққа, ізгі ниетке шақыру. ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жарыс Қазақстан халқының бірлігін, төзімділігін нығайтуды көздейді. Былтырғы жылмен салыстырған биыл қатысушылардың саны көбейген. Жүлде қоры да қомақты. Бірінші орынға кіші қажылыққа арналған жолдама, 2-орынға ірі қара, 3-орынға қой тігілді. Боз кілемде белдескен палуандарға бас төреші Серік Дәрменбаев баға берді. Ресей Федерациясының спорт шебері Қазтай Ысмағұлов пен ҚР қазақ күресінен спорт шеберлігінен үміткер Әбіл Баданов екеуі алма кезек шығып, жарысқа қазылық жасауда. DSCN9748
DSCN9790-Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде Қазақстанның шыққан биігі, бағындырған белесі көп. Тәуелсіздікпен бірге өзімізге қайта оралған құндылықтардың бірі дін екені мәлім. Мемлекет зайырлы болғанымен, діни бірлестіктермен бірлесе осындай іс-шаралар өткізуде. Әр аудан, қалаларда сәулетті мешіттер бой көтеріп, имамдарды кәсіби деңгейде дайындайтын мүмкіндік алдық. Осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасында. Елдің ең басты қасиеті – бірлігі. Бірлік пен татулықтың арқасында әлі талай асулардан асамыз. Сондықтан жамағаттың бірлігін әрқашан да жоғар ұстауымыз керек. Бүгінгі сайыстың да мақсаты бірлікті насихаттау,-деді Қостанай облыстық дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұриқан Нөгербеков. DSCN9819
DSCN9875Аталмыш жарысты Марат Жұрқабаев басшылық ететін «Социум және мен» қоғамдық бірлестігі облыстық дін істері жөніндегі басқармасы және «Марал ишан» атындағы облыстық мешітпен бірлесе ұйымдастырып отыр. Сайыс барысында мешіттің қасына арнайы шатырлар тігіліп, азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге қаладағы халал ас даярлайтын бес асхана мен орталық базардағы кәсіпкерлер үлес қосты. Одан түскен ақша облысымыздағы мұқтаж кісілерге жұмсалатын болады. DSCN9835
DSCN9765
DSCN9781– Әр адам өзінің денсаулығын күтуге, спорпен шұғылдануға жақын болғаны абзал. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде «Мықты мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда қайырлы…» деген. Өзінің ашуына бой алдырмай, ұстамды болған мұсылман нағыз мықты. Сондықтан кез келген жағдайға сабырлы болып, ашуға берілмей сабырлықпен күресіңіздер. Себебі бұл жарыс мұсылмандардың бір-біріне деген достығын нығайту үшін жасалып жатыр. Өз арамызда татулық болсақ қоғамда әртүрлі түсініспеушілік, керағар пікірлер туындамайды,-деді Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб-имамы Дархан Сыздықов. 
Бәсеке қорытындысында бірінші орынды әулиекөлдік Ерлан Қасымов жеңіп алды. Екінші жүлде Арқалық қаласынан келген Ербол Мұқановқа бұйырды. Ал, алтынсариндік Қайыржан Әбікеев үшінші орынды қанжығасына байлады. Төрешілер шешімімен "көрермен көзайымы" ынталандыру сыйлығына торғайлық Қайрат Дилханов лайық деп танылды.
Боз кілемдегі белдесуден соң жамағатқа арналып ас берілді.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓