Сырт алаңдағы жеңіс (БЕЙНЕБАЯН)

Қазақстан чемпионатының 19-турында Қостанайдың "Тобылы" Павлодарға қонаққа барып, 0:1 есебімен ұтты. Роберт Евдокимов негізгі құрамға айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Тек қана жаңа қосылған Аздрен Лулаку бар демесеңіз, "Тобыл" өткен турдағы құраммен шықты. fsT03F0GgtAОйын тартысты өтті. Қарсыластар бір-бірінің осал тұстарын таба алмады. Тек соңғы секундтарда шабуылды үдеткен қостанайлықтар "Ертіс" қорғаушыларын әбігерге салғандай болды. Тимур Жақыпов қапталдан айып алаңына асырған допты Лулаку баспен қақпаға бағыттап үлгерді. Қақпашы Никита Калымков шарасыз қалды.
Төреші белгілеген уақытта өзгеріс болмады. Сөйтіп, "Тобыл" көптен күткен жеңісіне жетті.
 
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓