Әріптесіміз “Жыл адамы” атанды
Өткен жылдың жетістіктерін жіпке тізіп, осы мерзімде орасан зор еңбегімен көзге түскендерді марапатттайтын дәстүр қалыптасқан. Бұл үзілмей келе жатқан үрдісті өңірдегі "Қазақстан-Қостанай" телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасы да жалғай түсті. 2016 жылы екі мекемемен етене жұмыс істеген жергілікті азаматтарға өз алғыстарын білдіріп, "Жыл адамы" байқауын жариялаған еді.


