Зейнеткерлерді алдап кеткен

Қостанайда жалған ақша беріп алдаған алаяқтардың құрбанына айналған 10 зейнеткер полицияға шағымданған, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. babushkaЗаңға қайшы бұл фактілердің барлығы бір аптаның ішінде тіркелген. Тәртіп сақшылары әлі де екі күдіктіні іздеуде. Зейнеткерлер өз ақшаларын жалған ақшаға айырбастаған. Алаяқтардың схемасы өте қарапайым. Жаңа жыл қарсаңында жалғызбасты зейнеткерлердің үйлеріне өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған адамдар келеді. Олар қарттарға 13-15 мың теңге көлемінде атаулы көмек алуды ұсынады. Алаяқтар зейнеткерлерге 20 мың теңгелік купюра береді де, оның қалдығын зейнеткерлер кәдімгі ақшамен қайтарған. Осылайша, жалпы шығын 200 мың теңгеге жуықты құрайды.
Олардың түр белгілері: бірінші күдікті – 25-28 жастағы ер адам, бойы 160-170 см, азиялық, сұр түсті күзен құлақшын киген. Екінші күдікті – 30-35 жас шамасындағы еуропалық, бойы 175-180 см. Қылмыскерлер қара түсті «Лада-Гранта» көлігін мінген. Полиция зейнеткерлерге абай болуды, мұндай жағдайлар бола қалса, «102» нөміріне хабарласуға кеңес берді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓