Арқалық жастары “Алтын кітапқа” енді
"Арқалық қаласы жастарының алтын кітабы" жаңа есімдермен толықты. Дәстүрлі шарада жыл ішінде түрлі сала бойынша жетістікке жеткен жастар арнайы аталымдар бойынша марапатталды. Биыл "Алтын кітап" рәсімі жылдағыдан ерекше өтіп, жастардың құрметіне мерекелік дастархан жайылды. Марапат иелерін қала әкімі Амантай Балғарин, қалалық мәслихаттың хатшысы Сабыржан Тасмағанбет, қала әкімінің орынбасары Қайрат Әбішев, қалалық-апталық "Арқалық хабары" газетінің бас редакторы Қайрат Есмағанбетовтер құттықтап, сый-сияпаттарын салтанатты түрде табыс етті.Есімдері ерекше кітапқа енген жастар: «Жастар көшбасшысы» аталымында – Әсем Қошан, Әли Тәжиев, «Мәдениет» номинациясында – Данияр Рысбеков, «Спорт» – Нұрдәулет Мейрамұлы, «Білім» – Олжас Оразалин, Ажар Құрманбаева, «Жас ғалым» – Қуаныш Нұрсали, «Журналистика» – Армангүл Баймағанбетова, «Өнер» – Азамат Сейітжан.
Сондай – ақ, салтанатты шарада қаланың қоғамдық өміріне атсалысып жүрген бірқатар жастарға қала әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
Мұрат Жүнісұлы
Жарайсың,Азамат!
Бәрі де лайықты! Құттықтаймын!
Құтты болсын! Еңбектеріңіз жана берсін!