Абай даңғылы жөнделеді
Қостанайда келесі жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен Абай даңғылы мен Уральский көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалады. Келер жылы қалалық бюджеттің кірістері 2 миллиард теңгені құрайды деген болжам бар. Табыс көзі әлеуметтік салық төлеушілерден келіп түседі. Қостанай әкімдік аппараты мен бөлімдерінің қаржыландыру мәселесіне жұмсалатын шығыстар еш өзгеріссіз қалды. Сондай-ақ, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Николай Дорошок келер жылы Абай даңғылы мен Уральский көшесіне күрделі жөндеу жасалатынын атап өтті. Бұл үшін бір жарым миллион қаржы жұмсалады. Тағы да орташа жөндеу учаскелері үшін қосымжа қаржы бөлінбек. Ол тізімде Баймағамбетов, Гоголь және Маяковский көшелері бар.