“Береке” шағын ауданы бой көтермек
Қостанайда жаңадан шағын аудан бой көтеретін болады. Ол үшін қаражат қалалық бюджеттен бөлінеді. Бұл туралы Қостанай қалалық мәслихатының сессиясында айтты. Басқосуда депутаттарға 2017-2019 жылдарға арналған бюджетті хабарлады. Халық қалаулылары, әуелі, тұрғын үй құрылысының жоспарын талқылады.-Алдағы жылы 7 үйдің құырылысын аяқтауды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, "Юбилейный" шағын ауданында 2 көп қабатты үй тұрғызамыз. Оның әр қайсысына 200 млн теңге қаржы құйылады, жоспар бойынша құрылыс 2018 жылы тәмамдалады,-дейді Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Николай Дорошок.
Бас-аяғы 58 млн 964 мың теңге ақша бөлінеді. Соның ішінде 21 млн 481 мың теңге облыстық бюджет трансферті. Олар көп қабатты жаңа "Береке" шағын ауданының жобасын әзірлеу үшін беріліп отыр. Бұл ескі әуежай маңында. Қазіргі таңда ол жерде 80 гектар жер бос жатыр.