Тәуелсіздік тартуын табыс етті

Қостанайда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара болып өтті. Оған еңбек ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, ғылым қызметкерлері т.б қонақтар шақырылды. Жиналғандар алдында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сөз сөйледі._MG_1991-Біздің даңқты жерлесіміз Шоқан Уәлиханов: «Қазақтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деген екен. Бүгінде Ұлы Отанымыз абыройы асқақ,  беделі жоғары мәртебелі ел атанды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміздің экономикалық әлеуеті артты. Қазақстан ширек ғасыр ішінде жан-жақты даму үдерісін бастан өткерді,-деп атап өтті өңір басшысы. IMG_2021Архимед Бегежанұлы өз баяндамасында Қазақ елінің 25 жылда қол жеткізген жетістіктері мен табысы туралы жан-жақты айтып берді. Ол мереке қарсаңында «Қарасу» СӨК президенті Алмат Тұрсыновтың Елбасы қолынан  «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алғандығын қуанышпен хабарлады. Сондай-ақ, күні ертең облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин «Парасат» орденімен марапатталатындығын еске салды.IMG_2036Бұдан соң облыс әкімі астықты өңірді дамытуға айрықша үлес қосқан азаматтарды мемлекеттің жоғарғы наградаларымен марапаттады. Олардың арасында 81 адам ҚР Президентінің жарлығымен  «Парасат», «Құрмет» ордендері мен "Еңбектегі ерлігі үшін", «Ерен еңбегі үшін», "Шапағат" және "Ерлігі үшін" медальдеріне ие болды және облыстағы 750 адамға «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалі салтанатты түрде тапсырылмақ. Бүгін облыс әкімінің қолынан 25 адам медаль алды._MG_2044
_MG_2060
_MG_2074Үкіметтік наградаларға ие болғандар арасында шаруашылық басшылары, дәрігерлер, ұстаздар, еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер бар. Солардың арасында мына бір марапат иесі залға жиналғандарды орындарынан тік тұрғызды.
       Осыдан екі жыл бұрын Жітіқара ауданында мынадай бір оқиға болды. Өзенге шомылуға барған бес-алты жасар қос бүлдіршінді ажалдан арашалап қалған он төрт жасар Азамат Ақмурзиннің  өзі суға кетті. Оның бұл ерлігі сол мезетте дүйім ел естіді. Міне, бүгін Тәуелсіздік тойы қарсаңында көзсіз ерлік көрсеткен марқұмның анасына  «Ерлігі үшін» медалі табысталды._MG_2226-Менің бес балам бар. Азамат солардың ішінде елгезек, өте бауырмал еді. Жұртқа жақсылық жасағысы келіп тұратын. Қапыда көз жазып қалғанымызға әлі күнге сене алатын емеспіз. Менің ұлым сол мезетте ешқандай ерлік көрсетемін деп ойламаған да шығар. Көз алдында суға тұншығып жатқан балаларды құтқарам деп өзін құрбан етті. Бұл Отанын, елін сүйген әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін,-дейді Гүлнар Ақмузрина._MG_2764
_MG_2175
_MG_2149
_MG_2287
_MG_2381
_MG_2435Айтпақшы, «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болғандар арасында облыстың «Қостанай таңы» газетінің ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі Сәлім Меңдібай ағамыз да бар. Бұл марапат Сәкеңе Қазақ журналистика саласына адалдық танытқаны үшін берілгені ақиқат. Сәлім Тоқмырзаұлы облыстық «Қостанай таңы» газетінде қырық бес жылдан артық уақыт бойы үздіксіз қызмет істеді. Бүгінгі медаль ағамыздың сол еңбегінің жемісі._MG_2359
_MG_2676
_MG_2661 Салтанатты шараның соңы облыстық көркемөнерпаздар ұжымдарының мерекелік концертіне ұласты.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓