Мұқтажға – көмек

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қостанай облысының соттары әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларға, материалдық көмекке зәру жалғызбасты аналарға, жесір және жетімдерге, мүгедектерге көмек жасады.сот комек
Қостанай облыстық сотының ұжымы төрт баланың анасы Ольга Сельковаға көмек көрсетті. Ол – өмір қиындықтарына бой алдырмай келе жатқан 38 жастағы нәзік жан. Әлеуметтік қызмет өкілдері мен мұғалімдер оны жақсы мінездеп, балаларын жақсы көретіндігін, жұмыс істейтіндігін айтады. Жеке баспанасы жоқ, ал пәтер жалдап тұруға жағдайы болмауына орай Ольга кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен саяжайда тұрып жатыр. Көп балалы ана мейрамханада еден жуушы болып жұмыс істегенімен жалақысы өте аз мөлшерде. Сонымен қатар ол айына 8 000 теңге жәрдем ақы алады.  Бұл қаражат отын алу тұрмақ күнделікті азық-түлікке де жетпей қалады.
Саяжайлық үйден Ольганың балалары өздері оқитын №22 мектепке жету үшін 3 километр жолды жаяу жүреді. Жалғызбасты ана 4 қызын тәрбиелеп отыр: үлкені Динара –15 жаста, Камила – 9-да, Мадина – 6 жаста, кішісі Мария – 5 жаста. Қыз балалар анасына үй шаруасында көмек көрсетеді.  Тоғыз жасар Камила өзіне мектепте оқу, жаңа нәрсені білу ұнайтындығын айтады.
Саяжайлық үй маңында бақша мен отырғызылған жеміс ағаштары және кішкентай үй иелерін қорғайтын үлкен ит бар.
Ольга Селькова сот қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдіріп, қиын сәтте қол ұшын созар жандардың табылатынына риза екендігін айтты.
Қайырымдылық шарасы аясында Қостанай облысының барлық жергілікті соттары мұқтаж жандарға көмек көрсетті. 
 
Қостанай облыстық соты

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓