Қорғаныс шебі жаңармақ 

"Тобыл" ФК Кургулин, Аслан, Яворскийлермен қоштасты 
Нұртас Кургулин, Рафқат Аслан және Сергей Яворский "Тоболдан" кетті. Клуб басшылығы оларға алдағы уақытта сәттілік тілейді. 
Нұртас Кургулин – қос қапталда ойнай алатын әмбебап қорғаушы. Ол керек кезінде шабуылға да үн қоса алады. Дегенмен, әлдебір себептерге байланысты 2016 жылғы маусымда Нұртас 5 ойынға ғана қатысты. Барлығы 309 минут доп тепті. 
Рафқат Аслан – болашағынан үміт күттіретін қорғаушы, Қазақстан жастар құрамасының капитаны. Ол "Тобол-U21" үшін 8 матчқа қатысып, 6 рет қарсыластар қақпасының торын тулатты. 
Сергей Яворский – команданың тасқамал қорғаушысы. Он барлығы 27 ойынға шығып, 2 доп соққан. Украин футболшысы "Тобол" сапында 2551 минут өнер көрсетті. Еске салайық, оның келісім-шарты биыл аяқталған-тын. 

"Тобол" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓