Есімдері алтын кітапқа енді

Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабының» биылғы жылғы лауреаттары анықталды. Жеңімпаздарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов салтанатты түрде марапаттады. Дәстүрге айналған іс шара биыл қаламыздағы «Медео» ресторанында өтті.IMG_9587«Алтын кітапқа» әр салада еңбек етіп жүрген ізденгіш, алғыр жастардың есімдері жазылады. Он бір жылдың ішінде кітапқа 172 лауреат тіркелген. Олар облысымызбен қатар республикаға танымал болған үздіктер. Олимпиада жүлдегерлері Иван Дычко, Василий Левит сияқты боксшылар осы аталған кітаптың лауреаттары. «Алтын кітаптан» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлия Сапарованың да есімін көре аласыз. Қазіргі облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов та құрметті лауреаттардың бірі. Еңбегіне ел сүйсінген осындай үлгілі азаматтардың саны жыл сайын көбеюде. Биылдың өзінде он екі номинация бойынша жаңа есімдер кітапқа тіркелді.IMG_9607-Еліміздің дамуына үлес қосып жүрген Қостанай облысының белсенді жастарын жинап отырмыз. Сіздер, аға буын өкілдерінің жалғасы болып саналасыздар. Әр салада үлкен жетістіктерге қолжеткізіп жүрген жастарға қарап қуанамыз,-деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.IMG_9604
 
Қымбат Досжанова
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓