Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Қостанайдағы саяси партия өкілдері облыс тұрғындарын еліміздің ең басты мерекесі-Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Басқосуға жиналғандар алдында алдымен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Бәйменова сөз алды. Ол қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде, еліміздегі тұрақтылықты сақтауға қосқан үлестері үшін партия өкілдеріне алғыс білдірді.
-Тәуелсіздіктің әр жылы белгілі бір оқиғалар мен тарихи даталарға кенде емес. Үстіміздегі жылы да осындай атаулы шаралар көп болды. Мәселен, Қазақстан БҰҰ өауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесіне айналды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көһрмесі өтті. Мұның бәрі біздің еліміздің халықаралық аренада беделінің өсіп келе жатқандығының көрінісі және Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы арқасы деп білемін,- деп атап өтті ол.
Басқосуда партия және қоғамдық бірлестік өкілдері елдегі бірқатар өзгерістер мен өңір жетістіктеріне тоқталды. Соңында партия жетекшілері мерекелік құттықтауға қол қойды. Онда былай деленген:
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір қазақстандық үшін бұл күн бостандық, гүлдену және достық жайлы ең жарқын армандарды білдіреді.
Елбасы – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз қуатты мемлекетті құрудамыз.
Биылғы жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі болды, Астанада халықаралық ЭКСПО көрмесі, Алматыда – Дүниежүзілік Универсиада аясында спорттық жарыстар өтті.
Біздің Президентіміз бастамашылық жасаған экономикалық саладағы қайта құрулар еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ететін мәдени кодты сақтауды, жаңа құндылықтарды қалыптастыруды көздейтін қоғамдық сананы жаңғыртумен сүйемелденеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында барлық реформалардың нәтижелілігінің маңызды алғышарттары – азаматтық келісім, қоғамның бірігуі, қазақстандықтардың құндылықты бағыт-бағдарларының жаңартылуы, рухани жаңғыруы белгіленген.
Басты құндылық – өз еңбегімен, тарихқа және дәстүрлерге деген ұқыпты көзқарасымен Кіші Отанын және Қазақстанды дамытатын адамдар болып табылады.
Бүгінгі күні еркіндік, табыс және жеңіс рухын сезген, өздерінің шығармашылық, интеллектуалдық, спорттық жетістіктерімен біздің облысымыздың, біздің Қазақстанның атын шығаратын ұрпақ өсіп келеді.
Әрбір қостанайлық отбасына денсаулық, береке-бірлік, жақсылық және бейбітшілік тілейміз!
Осы мереке күні еліміздің және туған өлкенің серпінді дамуын қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамыз! Біз бірігіп, Қазақстанды экономикалық дамыған, саяси тұрақты, әлеуметтік тұрғыдан мықты, рухани жағынан бай ете аламыз.
Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!
«Қазақстанның коммунистік халық партиясы» ҚБ Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы
А.А. Әлімбаев
«Нұр Отан» партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Ж.Ж. Бисимбаев
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы
С.А. Богатырев
|
«Бірлік» саяси партиясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы
С.Ж. Ешманов
«Ақ жол» ҚДП ҚБ Қостанай
облыстық филиалының төрағасы
М.С. Жотаев
«Ауыл» ПХДП ҚБ Қостанай
облыстық филиалының төрағасы
С.Б. Есмұратов
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.