Қандай мекемелер жекешелендіріледі?

Қазақстанда мемлекеттік меншікті оңтайландыру 2 кезеңмен жүргізіледі. Осыған байланысты, балабақшалар, колледждер және ауруханалар жекешелендіріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. садик«Бүгінгі таңда мемлекеттік меншікте 7 мыңға жуық ұйым жұмыс істейді, олар – мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Түгендеу жөніндегі тапсырманың аясында әкімдердің орынбасарларын шақыра отырып және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен 16 облыс және 177 аудан тыңдалды. 6 751 ұйымның ішінен әр нысан қаралды. Сондай-ақ 376 республикалық меншік ұйымы бойынша 22 министрлік пен ведомство баяндады», – деді ол.
Министрдің атап өтуінше, түгендеу нәтижелері бойынша мемлекеттік меншікті оңтайландыру 2 кезеңмен жүргізіледі. Алдыменен мемлекеттік меншік ұйымдарының саны 1 мыңнан аса ұйымға немесе 16 пайызға қысқарады. Екінші кезеңде  тағы 4 600-ге жуық ұйымға немесе бастапқы санынан 65 пайызға азайту ұсынылады.
«Бәсекелестік ортаға беруден басқа оңтайландырудың құралы ретінде ұйымдарды қайта құру және жабу қолға алынады. Бірінші кезеңде ұйымдар саны 1 136 кәсіпорынға қысқарады. Олардан: 408 ұйым  кестеге енгізілген; 105 ұйымды кестеге енгізуді ұсынамыз; 380 ұйым қайта құру жолымен қысқарады; 243 ұйымды тарату (жою) ұсынылады. Сонымен, бірінші кезеңнен кейін мемлекеттік меншікте 6 мыңнан аз кәсіпорын қалады.Қалған ұйымдардың негізгі бөлігін балабақшалар, колледждер, ауруханалар құрайды. Олар бәсекелестік ортаға екінші кезеңде ұсынылады. Қазір әкімдіктермен ілкі жоба ретінде 94 ұйымды кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру келісілді», – деді Сұлтанов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓