АЛТЫН КҮМБЕЗ АЛЛА ҮЙІ айқара ашты есігін

Бүгін, Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Қостанайда жаңа мешіт ашылды. Облыс орталығындағы сәні мен сәулеті артқан, сыйымдылығы жағынан ең үлкен рухани нысанның тұсаукесер рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Камалжан Тұрдыбаев арнайы қатысты._MG_3907
Қостанайлық мүміндер үшін қос қуаныш: қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні туды және көптен күттірген зәулім де зерлі үр жаңа мешіттің есігі айқара ашылып отыр. Құрылысы төрт жыл бұрын басталып, кейін аяқсыз қалған құтхана санаулы-ақ айлар ішінде еңсе түзеп шықты. Бұдан былай басты рухани орталыққа ғана айналып қоймай, шаһардың архитектуралық ажарын ашып тұрмақ. Қашықтан көз тартатын алты күмбезді алып мешіт бір мезетте 3 мыңнан астам адамды қабылдай алады. Бүгін де төңірегіне жиылған мұһтарам жамағаттың санында қисап жоқ. Қуанышты ортақтасуға алыс-жақыннан келген ағайынды алғашқы болып облыс әкімі А.Мұхамбетов құттықтады._MG_3775
 
_MG_3715-Әуелі, баршаңызды мұсылманның ең ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – елдің бірлігін нығайтатын, қайырым мен қанағатты арттыратын мейрам. Елбасымыздың ұлттық мерекелердің мәртебесін көтеру мақсатын алға қоюы арқасында, бұл мейрам соңғы жылдары ресми деңгейде аталып келеді. Міне, бүгін осы мереке күні Қостанай қаласында бой көтеріп отырған ең үлкен жаңа мешіттің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын! Еңсесі биік жаңа ғимараттың бой көтеруіне атсалысқан барлық азаматтарға, кәсіпкерлерге, кәсіпорын басшыларына шынайы алғысымды білдіремін! Жаңа мешіт жастарға рухани тәрбие беретін, дәстүрлі дінімізді насихаттайтын орталыққа айналарына сенімдімін, – деді облыс әкімі.
Бұл, шынымен де, көппен біткен сауапты іс. Айналдырған аз айда құрылыстың аяқталуына аты әйгілі "ССКӨБ" АҚ-нан бастап, "Қарасу ет", "Қарқын", "Москолев", "Алтынсарино", "Диевское" сынды көптеген ірі серіктестіктер, шаруа қожалықтары қаржы құйды. Қарапайым азаматтардың да үлесі өлшеусіз. Әр кірпішіне маңдай тері сіңген мердігер  компания – "Арх ДИЗАЙН" ЖШС еңбегі де ерекше аталып өтті. 
Басты айта кетерлігі, мешітке Тобыл-Торғай даласына ислам дінін таратуға саналы ғұмырын арнаған Аймұхаммед Спанұлының есімі берілді. Дін жолында құқай, қуғын көріп, мехнат шеккен молда жайлы сөз алған ақсақалдар жан-жақты әңгімеледі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Камалжан Бексұлтанұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, оның облыс әкіміне жолдаған Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, өз атынан да мешітке сый-сияпатын берді. _MG_3727
Ресми шара соңында өңір басшысы А.Мұхамбетов пен діни басқарма өкілі К.Тұрдыбаев жаңа мешіттің есігін айқара ашып, алғашқы болып табалдырығын аттады. Қалың қауым да Алла үйіне еніп, айт намазын оқыды. Кейін барша мұсылман құрбандық шалып, жұртшылыққа арналып мерекелік ас берілді._MG_3847
 
_MG_3862Толығырақ – газеттің келесі санында.
 
Ж.Жүсіпбек.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓