Жемқорлыққа қарсы акция аясында

2003 жылдың 9 желтоқсанда Мексиканың Мерида қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ-ның ресми және тарихи Конвенция құжатына қол қойылған еді. Жемқорлық сияқты әлеуметтік кеселге тосқауыл болып, жолын кесу, сол секілді оның алдын алу үшін 100-ден астам әлем мемлекеттері бірлесіп жұмыс істеуге шешім қабылдады. Бұл тарихи құжатқа Қазақстан да бірінші болып қол қойғандардың қатарында болды. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні БҰҰ мекемесі өкілдерінің бастамасымен әлемнің барлық елдерінде жыл сайын аталып өтеді. Міне, осы күнге байланысты «Мирас» қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын болып өтті. Іс-шараға  облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Берік Бекжанов сонымен қатар жалпы өңіріміздің қоғам өкілдері, мемлекеттік органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.IMG_4397
    Облыс басшысы өз сөзінде бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызға кері әсер беретін көкейтесті мәселенің бірі екенін, сондықтан да елімізде осы кертартпа кеселдің алдын алу мақсатында заңдар мен стратегия қабылданғанын атап өтті. IMG-20161209-WA0007
IMG_4389Бұл заңдар мен стратегияның басты мақсаты мен міндеті-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтарға ықпал ететін мән-жайларды жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың  тағы бір тетігі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде жүзеге асырылады.IMG_4401
-Сондықтан да біздің елімізде соның ішінде облысымызда да  бұл мерекеден тыс қалған жоқ. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге арналып көпшілік-мәдени іс-шарамен қатар дөңгелек үстелдер, конференция, үгіт-насихаттық, акция түрінде іс-шаралар өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қмиыл агенттігінің  Қостанай облысы бойынша департаменті де халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнімен орайластырып бірнеше іс-шара ұйымдастырды. Мемлекетімізде сыбайластықтың алдын алу үшін заңдар мен стратегия қабылданды. Әрине, әр шараның өзіндік атқарар міндеті, тағылымы бар,-деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы Рүстем Болат.IMG_4455
IMG_4433
  Салтанатты жиын барысында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті, нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыруға үлес қосқан азаматтарға, мемлекеттік қызметшілер және үкіметтік емес ұйымдардың сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдеріне департамент және облыс әкімінің мадақтау грамоталары табысталды. Салтанат соңы  облыстық филармония әртістерінің дайындаған мерекелік концертіне ұласты.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓