Жалған полицейден сақтаныңыз

Қалалық ІІБ-на санаулы күн айналасында облыс орталығының жеті бірдей тұрғыны шағым түсірген. Олардың бәріне әртүрлі уақытта жалған полицей стационарлық телефон арқылы туыстарының кепілдікке алынғаны туралы хабар айтқан. Алаяқтар жәбірленушілерден ақша талап етеді. Абырой болғанда, азаматтардың ешқайсысы қуаяқтардың қақпанына түспепті.лжеполицейский
Тәртіп сақшылары барлық шағымданушылардың жасамыс екенін айтады. Алаяқтардың алдау тәсілі қарабайыр. Қалалық нөмірге қоңырау түсісімен алаяқтар жасанды жолмен бөгет туындатады. Сондықтан дауысты тану мүмкін болмайды. Өздерін полицей деп таныстырып, қылмыс жасағаны үшін ұлының немесе жұбайының қамауға алынғанын айтады. Сөйтіп, "істі насырға шаптырмай" шешу үшін белгілі бір сомада ақша төлеу керектігін алға тартады. Көбінесе алаяқтар 50 мың теңге сұрайтын көрінеді. 
Жеті шағымданушының бәрі де қылмыскерлерді "аш қатырды". Әуелі өз туыстарына қоңырау соғу арқылы оқыс ақпараттың жалған-шынын анықтап алған. Ізінше нағыз тәртіп сақшыларына жүгінген.
Қостанай қаласының ІІБ қызметкерлері тұрғындарды ерекше сақ болуға шақырады, мұндай жағдайда үрей, дүрбелеңге салынбауды, сабырмен әрекет жасауды сұрайды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓