Автокөлік ұрланды
1-18 мамыр аралығында облыс бойынша, бірқатар автокөлік ұрланды. Лисаков қаласында бір күн ішінде бұзақылар үш автокөлікті зақымдап, біреуін мініп кеткен. Арнайы бақылау орнына қойылмаған көліктер осындай қауіпке көп ұшырайды. Есік-терезесі әлде қайда тез ашылатын, кеңес заманында шығарылған көліктер бұзақылардың басты олжасына айналып отыр. Шетелдік темір тұлпарларға да залал келтіретіндер жоқ емес.
Заңды белінен басқандардың біразын дер кезінде құрықталды. Олардың арасында жасөспірімдер де бар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, енді оларға 1000 АЕК көлемінде, яғни 2 миллион теңге шамасында айыппұл салынады. Немесе, екі жылға дейін бас бостандықтарынан айрылып, қоғамдық жұмысқа жегілуі мүмкін.
Айтолқын Қапан