Қостанайда жаңа емхана ашылды
Алдағы жылдан бастап облыс орталығында жаңа емхана қолданысқа берілетін болады. Бұл ғимарат – толық электронды қызмет көрсететін өңірдегі тұңғыш денсаулық сақтау мекемесі.
Жаңа емхана мемлекет және жеке кәсіпкерліктің қолдауымен бой көтеріп отыр. Қаладағы ескі ғимаратты қайта қалпына келітіріп, оны керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін бас-аяғы 520 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Мұнда ақылы және осында тіркелген тұрғындар үшін тегін қызмет көрсетіледі.
Мамандардың айтуынша, мұнда ақпараттың бәрі электронды түрде таныстырылады және тіркелу үшін небәрі үш-ақ минут кетеді. Мекменің ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
-Мұнда келушілерге арналған күту залы бар. Біз зерттей келе, тіркеу бөлімінен адамдар шаршаңқы әрі ашулы күйде шығатынын байқадық. Кезек көп болған сәттерде күтушілер шармас үшін, олардың көңілдері сергек болсын деп, түрлі-түске боядық. Сонымен қатар, бұл жерде классикалық әуендер ойнап тұрады. Сондай-ақ, мекеме тегіс америкалық, белгиялық және жапониялық заманауи құрылғылармен жабдықталған. Қазақстан бойынша ешбір емханаларда мұндай жағдай жасалмаған,-дейді "Жемчужина Стомед Уральская" емханасының басшысы.






Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсріген автор.