Арка құны – 80 млн теңге
Қаладағы орталық саябақтың кіреберіс аркасы жаңартылады. Маңдайшасында Қостанайдың таңбасы мен латынша жазуы бар доғал қақпа осы жазда дайын болады. Бұған жергілікті бюджеттен 80 млн теңге бөлінген. Су жаңа архитектуралық иінді орнату жұмыстары 1 сәуірде басталған. Онымен жергілікті мердігерлер айналысып жатыр. Нысан қаланың мерейтойы қарсаңына орай өзгертілуде. Ескісінің орнатылғанына 10 жыл өткен.
"Қазір жұмыс қызужүріп жатыр. Алтынсарин көшесі бетіндегі ескі арка бөлшектеліп жатыр. Орталық саябаққа кіреберіс аркада биіктігі 7 метрлік колонналар болады. Ал жалпы құрылыс ені 100 метрге жетеді", – деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Алмас Әбілдин.

Қостанайлықтар жаңа нысанды 15 шілдеде көре алады.