Жалпықалалық сенбілік өтті

Қостанайда қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші жалпықалалық сенбілік өтті. Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру шаралары екі айға созылады.Қала әкімдігіндегілер бүкіл қостанайлықтарды – кәсіпорындар, мекемелер, барлық салалар мен меншік нысанындағы ұйымдарды, шағын және ірі бизнес, орта және жоғары оқу орындары ұжымдарын, әсіресе жастарды, көп пәтерлі үйлер мен жеке сектордың тұрғындарын өз аумақтарын жинауға шақырып отыр.Сенбілік кезінде қоқысты шығаруда мердігер ұйымдар көмек көрсететін болады. Негізгі жұмыстарды осы жылдың 1 мамырына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұдан әрі бірыңғай экологиялық күндер – "Таза бейсенбілер" жалғасады. Жеке топтар өздеріне ыңғайлы болу үшін аптаның кез келген күнін белгіленген аумақта тәртіп орнату жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу үшін таңдай алады.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓