Биылғы меже – 5,2 млн гектар
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша онлайн агрокеңес өткізді. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.Облыс әкімі хабарлағандай, кеңес барысында мекеме, кәсіпорын басшыларының баяндамалары тыңдалып, алдағы егіс науқаны пысықталды.
"АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында осы жылы саланы қаржылық қолдаудың барлық бағыттары сақталуда. Жыл басында облысқа 31,3 млрд теңге бөлінді. Биылғы егіс алқабы көлемі – 5,2 млн га. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 71 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.
Осыған байланысты, барлық материалды-техникалық, қаржылық мүмкіндіктерді, барлық күш-жігерді көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде дайындауға және жүргізуге жұмсау қажет", – деп жазды А.Мұхамбетов.Ол дәнді өлке диқандарына табысты еңбек және мол өнім тіледі.