Кәсіпке адалдық

       Таран ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында үстіміздегі жылы 700-ден астам адам жұмысқа орналасты.  Мәселен, жыл басынан бері 410 адам еңбекпен қамтылса, соның 342-сі тұрақты жұмыс істейді.
       Жалпы, өңірде жұмыс күшіне сұраныс жоғары. Өйткені, мұнда ауылшаруашылығы, құрылыс саласы қарқынды даму үстінде.
      -Жоғарыда аты аталған мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағытында көрсетілген  «Жұмыс берушінің қажетіне қарай қайта оқыту және көші-қон арқылы еңбекпен қамтуға жәрдемдесу» бойынша үстіміздегі жылы трактор-машинист, электрмен дәнекерлеуші, шаштараз, токарь, слесарь мамандықтарына 10 адам жібердік. Олар үш айдай оқып келіп, жұмысқа орналасты. 1 қыркүйекте тағы бес адамды кәсіби біліктілігін көтеруге аттанды. Негізі, біздің ауданда жұмысшы күшін қажет ететін салалар жетерлік. Керісінше, мамандар жағы қат. Сондықтан, жұмыспен қамту ісінде еш іркіліс жоқ,- дейді Таран аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Руслан Мұқанов.РУСЛАН МУХАНОВ
       Арнайы курстардан өтіп келген 19 маман аудандағы «Данат-1» ЖШС-іне, «Т.В.Борзунов» жекеменшік кәсіпорынына, «С.В.Проданец», «С. Қадамбаев», «Қалиев.А.У»  шаруа қожалығына жұмысқа тұрды. Мәселен, асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын «А.Қалиев» шаруа қожалығы бұл жолы бес адамды өз қарамағына алды.
        Шаруашылықта көптеген жас мамандар еңбек етіп жүр. Солардың бірі-ерлі-зайыпты Анатолий Гаврилов пен Наталья Калюжная. Бұл екі маман Богородское ауылындағы ферманың ашылғаннан бері жұмыс істейді. Анатолий -бақташы, ал Наталья – сиыр сауады. Осы жерде туып-өскен олар мектеп бітірген соң, ешқайда барған жоқ.ДОЯРКА
        Әдетте, малшы ауылда жұрттың бәрі бозала таңнан тұрады. Сауыншылар тіпті, сағат таңғы бестен бастап жұмыс орынында болуы шарт. Бұрын сиырлар қолмен сауылатын, қазір арнайы қондырғылардың көмегіне жүгінеді. Бүгінде жұмыс едәуір жеңілдеген. Бір сиырдан күніне 10 литр сүт сауылады.
       -Ауылда жұмыс істейтіндер, оның парқын жақсы түсінеді. Еңбексіз ештеңе де оңай жолмен келмейді. Жұмыс өзімізге ұнайды. Осы жерде туып-өскендіктен, мұның бәрі бізге таңсық емес,-дейді ерлі-зайыптылар.
        Таран ауданында Анатолий мен Наталья сияқты еңбекқор азаматтар аз емес.
         Соңғы кезде көптеген азаматтар өздерінің жеке кәсіптерін ашуды қалап, мемлекеттік бағдарлама арқылы шағын несие алуға ниетті. Осы уақытқа дейін ауданда барлығы 23 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жалпы құны 51,13 млн теңге шағын несиеге қол жеткізді. жұмыспен қамтуМәселен, Майское ауылында тұратын Елеана Кулиева 1 млн.теңге алып, оған жылыжай салып алса, Әлім Оразбаев жүк тасымалын жолға қоюМәселен, Майское ауылында тұратын Елеана Кулиева 1 млн.теңге алып, оған жылыжай салып алса, Әлім Оразбаев жүк тасымалымен айналысу үшін 1,45 млн.теңге несие рәсімдеді. Мұндай мысалдар аудан көлімінде ондап саналады. Көбісі мал, құс өсіруді қалайды.
        -Біздің ауданда кәсіпкерлік саласы жақсы көрсеткішке ие. Мемлекет қамқорлығына иек артып отырған жергілікті азаматтар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы өңір экономикасының ілгерілеуіне шама-шарықтарынша өз үлестерін қосып келеді. Айтпақшы, аудан бойынша шағын несие алғысы келетін тағы төрт адамның өтініштері қаралып жатыр. Олардың арасында ағаш, пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеуге қатысты, мал бордақылау алаңын салуға ниет білдірген жандар бар,-дейді жұмыспен қамту бөлімінің басшысы.
       Несі бар, қазір жұмыс істеймін, кәсібімді ашамын деген азаматтарға мемлекет мейлінше қамқорлық тануда. Осындай іскер азаматтардың қатары көбейе түссе, ел экономикасымен қатар, оның әлеуметтік жағдайы да оңала берері даусыз.
                                                                                                          Әлібек ЫБЫРАЙ
Таран ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓