Десантшылар жауапқа тартылды

Бұған дейін хабарлағанымыздай өткен демалыс күндері облыс орталығындағы  саябақта  бір топ десантшылар тәртіп сақшыларына бағынбай, қоғамдық тәртіпті бұзған болатын.
111Бүгін осы оқиғағы байланысты облыстық ІІД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Десантшылардың арасында ішімдікті әжептәуір сіміріп алған төртеуі субұрқаққа шомылғысы келеді. Олар ескерту жасаған полиция қызметкерлерінің сөзін құлақтарына да қыстырмапты.
– Аталған төртеуінің орта деңгейде мас болғанын сараптама көрсетті. Оларға әкімшілік кодекстің 336 бабы бойынша (қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін) хаттама толтырылды. Енді тәртіп сақтамағандарр айыппұл төлейтін болады, – дейді Қостанай қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Игорь Безносов.
Тәртіпсіздік кезінде сол маңда болған тұрғындардың ешбірі зардап шекпеген. Ал орталық саябақтағы субұрқақ электр қуатына қосылған екен. Егер тәртіп сақшылары суға шомылмақ болған десантшылардың әрекетінің алдын алмағанда, жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін дейді полиция өкілдері.
Игорь Безносов сондай-ақ 2 тамыз күні қауіпсіздік белдігін тақпай, жол ережесін бұзған тағы екі десантшының жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.
 
Қыдырбек Қиысханұлы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓