Зейнетақы мен АЕК көлемі ұлғаяды

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Келер жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және зейнетақы көлемі ұлғаяды. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды. зейнета0ы
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең аз жалақы көлемі 24 459 теңгені құрайтын болады. Осы жылы ол 22 859 теңгеге тең болған еді.  
Сондай-ақ, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 12 802 теңгеге дейін өседі. Ол ағымдағы жылы 11 965 теңге болды. Осылайша, жаңа жылда 9 пайызға ұлғаяды. 
Зейнетақының минималды көлемі 28 148 теңгеге дейін жетеді. Осы жылғысы – 25 824 теңге-тін.
Ал жеңілдіктер мен өзге де әлеуметтік төлемдер үшін АЕК, сондай-ақ айыппұл санкциялары, салықтар және өзге де төлемдер осы жылға қарағанда (2 121) 2 269 теңгеге өседі.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓