Жаңа әліпбиде 25 әріп болады

Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов парламенттік тыңдау барысында латын әліпбиіне көшу мәселесі жайында және жаңа әліпбиде қанша әріп болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. латын"Жаңа әліпбидің жобасын ойластыру кезінде бірінші кезекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Осылайша, 25 әріптен тұратын әліпби ұсынып отырмыз. Әліпби мынандай принципке негізделді: бір әріп – бір дыбыс, бір әріп – екі дыбыс және бір дыбыс (диграф жүйесі). Әліпбиде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толықтай сақтап қалу мақсатында сегіз диграф қосылды. Яғни,ерекше 8 дыбыс қойылды", – деді Ербол Тілешов.
Айта кетейік, Тілешов филология ғылымдарының докторы және латын әліпбиіне көшу мәселесін зерттеуме айналысқан жұмыс тобында қызмет етті. Сондай-ақ, философия ғылымдарының докторы жаңа әліпбиде тек латын әліпбиінің байырғы әріптері болатынын айтып өтті.
Еске сала кетейік, бүгін  ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өтіп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓