10 айда – 43 келі есірткі
Осы жылы он ай ішінде Рудный қаласында есірткіге қатысты 130 қылмыс тіркелген. Қалалық ІІБ есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бөлімнің мәліметінше, тәркіленген есіркінің жалпы салмағы 42 келі 935 грамға тең. Өткен жылғы сәйкес кезеңде небары 7 келіден сәл асқан еді.
Тек қарашаның өзінде екі ірі есірткі сатушы ұсталды. Олардың бірі – бұрын істі болған Қашар кентінің тұрғыны. Оның үйін тінту кезінде 8 қапта сақталып келген 32 келіден астам марихуана және 1 келі гашиш тәркіленді. Азамат оны Қашар тұрғындарына сатуды жоспарлаған. Екіншісі – рудныйлық жұмыссыз азамат, ұлты – сыған. Ол да осыған дейін істі болған. Жеке көлігімен 200 грамм героин есірткілік затын әкеле жатқан жолда тұтылды.