Екі қыз жоғалды
Қостанай облысында екі қыз жоғалып кетті. Олар – 17 жастағы Назгүл Сәдуақасова мен 18-дегі Вероника Семегина. Бұл туралы "Алау" порталы хабарлады.
Назгүлдің анасы Айгүлдің айтуынша, қызы Затобол кентінде әжесімен бірге тұрған. Сенбі күні өзі оқитын политехникалық колледжге кеткен. Анасына келуге уәде етіп, сол күйі оралмаған.
"Жексенбі күні оған смс хабарлама жібердім, қоңырау шалдым, ол жауап беріп, жағдайының жақсы екенін, келгелі жатқанын айтқан. Дүйсенбіде де телефоны қосулы тұрды. Сейсенбіде біз АІІБ-не шағым түсірдік. Оның Қостанай индустриалық-педагогикалық колледжінде оқитын құрбысы Вероника да жоғалып кетті. Оларды соңғы рет МАРТ сауда орталығында 20-25 адамдық компанияның арасында көргендер бар,- дейді Айгүл.
Назгүл үстіне қаракүзен қысқа тонын киген. Аяғында – қара түсті баулы етік, басында қыша түстес мойынорағыш болған.
Ал Вероника жасыл түсті қысқа күртке, қара бәтеңке киген, өзімен бірге джинс материалды иыққап алып жүрген.
Олардың жүрген жері туралы қандай да мәліметі барларға мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалу сұралады: 102 немесе 8 707 407 23 51; 8 707 111 56 33; 8 777 447 03 94.
Бүгін мәлім боғандай, осы нөмірге әлдебір астаналық азамат қоңырау шалып, екі қызды елордада көргенін айтты. Іздеудегі қыздар одан 350 теңге сұраған. Оларға іздеу жарияланғаны туралы хабарландыруды оқыған бойда байланысқа шығыпты. Жаңылмағанына, көргені нақ осы қыздар екеніне сенімді.