Елбасы туралы естелік айтты
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қостанайлық беделді азаматтар жастармен кездесіп, ел және Елбасы туралы ой бөлісті.
Аталған іс-шара «Нұр Отан» партиясы ҚОФ «Жас Отан» жастар қанатының «Ұрпақтар сабақтастығы жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесудің құрметті қонақтары: ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің құрметті қызметкері, запастағы генерал-майор Михаил Дауенов, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов және облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира Қапенова. Аталған азаматтар тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен Ұлт Көшбасшысының ерен еңбегін баяндады. Запастағы генерал-майор М.Дауенов Президент туралы естелігімен бөлісті. Жастар сауалдарын қойып отырды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел іші қандай қиындықты бастан кешкенін біздің толқын көзбен көрді. Сондықтан біз үшін Тәуелсіздіктің бағасы өте жоғары. Елбасы Қазақстанның территориясын қызғыштай қорып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ядролық қарудан бас тартты. Осылайша, қазақ елі алғаш болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде дүниежүзіне үлгі болды.

Қымбат Досжанова.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.