Бетперделілер дүкенге шабуылдады
Полиция қызметкерлері дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.Деректер бойынша, 8 қаңтар күні түнгі 2-лер шамасында Қостанай полиция басқармасына пульттік күзет қызметкерінен дүкенге түскен екі күдікті туралы хабарлама түскен.
"Дүкенге медициналық бетперде киіп алған екі жігіт баса-көктеп кірген. Олардың бірі сатушы тұрған жұмыс үстеліне жақындап, оны алқымынан қылқындырып, өткір затты тамағына тақаған. Шарасыз сатушы айқайға басқан. Оны естіп, қосалқы бөлмеден дүкен қожайыны жүгіріп шығып, дабыл нүктесін басып үлгеріпті. Нәтижесінде бұзақылар нысаннан қашып шығады", – делінеді мәліметте.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер анықталды.