Төсегінде оянбай қала жаздады

Күні кеше Қостанайдағы Тоқымашылар көшесіндегі 23-үйде шамамен кешкі сағат 20.00 кездерінде 1-топтағы мүгедек (оң аяғы жоқ) өз төсегінде өртеніп кете жаздады. балкон

Өрт сөндірушілер мекенжайға келген кезде бесінші қабаттағы балконнан будақтап түтін шығып жатқан. Көршілерінің айтуы бойынша, бұл үйде мүгедек тұратыны анықталды. Істің насырға шапқаны сол – ол өз еркімен пәтерді тастап шығуға мүмкіндігі жоқ, құтқарушыларға есік ашуға да қауһары болмаған. Тағы бір кедергі өрт сөндірушілердің жолын кес-кестеді. Яғни есік алдына бейберекет қойылған автокөліктер және зәулім ағаштар автосаты қоюға мүмкіндік бермеді. Содан кейін құтқарушылар тәртіп сақшыларымен бірлесе ішке еніп, есікті бұзып кірді. Дереу жалынмен күрес басталды. Бірнеше минуттан соң пәтер иесі тысқа шығарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өртті ауыздықтауға құтқарушылар жарты сағаттай уақыт жұмсаған. Кейін анықталғандай, тілсіз жау төсек-орыннан басталған, нақтысында, матрац пен жамылғы өртеніпті. Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға төсекте жатып темекі шегу себеп болуы мүмкін.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓